ІІІ Интернационал ауылының тұрғыны: «ГҮЛШАРА «КРЫШОВАТЬ» ЕТІП ОТЫР»

1 486
Бүгін облыс әкімдігінің алдына ІІІ Интернационал ауылының тұрғындары жер мәселесі бойынша наразылыққа шықты, деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

















«Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан көмек сұраймыз!» «Мұрат, Марат Сәрсенбаевтар жерді қайтарыңдар!» «Халықтың жері қайтарылсын!» «Мақашев Бағдаулет 90 % қайтар!» деген жазбаларын алып Қармақшы ауданы Интернационал ауылының тұрғындары наразылық білдіріп шықты. Үш жыл бойына өзімізге тиесілі жер телімін қайтара алмай келеміз деп облыстық әкімдіктің алдына жиылған жұртшылық мәселелерін Гүлшара Әбдіхалыққызының шешуін талап етіп келді. Осы күнге дейін халықтың мұңын тыңдайтын мекеме табылмағандықтан, алдын-ала митинг өткізетін уақыт пен жерін белгілеген ауыл тұрғындары мен серіктестік өкілдері наразылық білдіріп, жиналған болатын. 





























«511 үлескердің жерін рейдерлік жаулаумен тартып алған Мұрат Сәрсенбаевтың заңсыз әркеттеріне 35 арыз-шағым жазып, 2 сот отырысын жеңсек те мәселеміз шешілмеді. 5000 гектарға жуық жерімізді серіктестігіміздің үлесін ала-алмай отырмыз. «ІІІ Интернационал жер» ЖШС 826 құрылтайшыны негізсіз үлестен шығарылып, өзін заңды тұлға деп танытып, жалған құжаттар жасаған күннің өзінде құзырлы органдардан тиісті шара қолданбай отыр»,-деді «Достық жер МК» ЖШС сенімді өкілі Мерген Әбенов. 









Жиналған тұрғындардың сөзінше, халықтың жерін серіктестік мекемелерін рейдірлік іс-әрекетімен басып алып, шөп пен егістікті және де техникасын иемденген. Сондай-ақ, сыбайластық пен сөз байласу арқылы бір-біріне сілтеме жасап отырғанына 3 жыл болғанын, қылмыстық іс қозғалмағанына наразы екенін айтты.

«Ашығын айтқанда Гүлшара ханым Сәрсенбаевты «крышовать» етіп отыр. Болмаса 3 жылдан бері егістікке егілген күрішті пайдаланып отырып қарызы бар деген не масқара? Сотта, прокурор да шешімді орындамаса, осындай митингке алдын-ала жазып, ескертіп шығып отырмыз»,-деді ІІІ Интернационал ауылының тұрғыны Мұсабай Мұсаханов.




Сонымен қатар, 735 миллион теңге қарыз деп шығарғандығы тағы бар.  Сот шешімі болса да, кәдеге жарамағандығы қалай?
«511 үлескердің серіктестігін жоққа шығарып, мекемені қайтармай отыр. Оған жергілікті билік, әкімдікке әкеп тіреп отыр. Ал, облыстық әкімдік жылы жауып отыр. Бәрі сыбайластықпен аяқталып жатыр. Үкімет көмек бермесе кімге бас ұрамыз? Саңырау биліктен шаршадық», деп жанайқайын жеткізді тұрғын Мұсаханов Алтай.

«ІІІ ИНТЕРНАЦИОНАЛ жер» 511 үлескері бар серіктестікті қайтарып берсін деген басты талапты алға тартқан жандарға:
«Жалпы енді бұл жеке шаруашылық мекемесі болғандықтан,жиналыс арқылы мәселесі шешіледі. Облыс әкімдігінің ертең жеке қабылдауына жазылған болатын. Кәсіпкерлік субъекті арасындағы кикілжіңге билік тарапынан араласуына рұқсат жоқ. Біз заң аясында жалпы жиналыс жасап үлесі 50 %-дан асқан үлескер ғана басшылық ете алатынын ескерген жөн»,-деді Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Усаин Медет.


Айгерім РАХЫМЖАНҚЫЗЫ