Кір сабын ішінен телефон табылды.

118

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің № 68 мекемесіне келушілер әкелген кір сабын ішінен телефон табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


11.05.2022 жылы жергілікті уақытпен сағат 9 : 15 шамасында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің № 68 мекемесінің № 1 БӨБ- інде реннтген аппараты арқылы  сырттан келген  азаматшаның сөмкесін тексеру барысында, күдікті зат бар екені байқалды. 


Аппаратты басқарып тұрған  бақылаушысы, әділет аға сержанты Жампоз Ғалымжанның  қырағылығының нәтижиесінде,  ішке алып өтуге  тыйым салынған заттың ішкі ғимаратқа өтіп кетпеуінің алды кесіліп, құқық бұзушылыққа жол берілмеді.  


Бекет бақылаушылары  лезде РжКБ қызметкерлерін шақырып, әкелінген сәлем- сауқаттары арасындағы кір сабынды бөліп қарау барысында 1-дана «Nokia mini» маркалы телефоны мен 3 дана сим картасы табылды.  


Заңға қарсы іс- әрекетке бармақ  болған  тұлға  2004 жылы туылған азаматша екені анықталды. 


Бұл жас қыз  ҚР ҚК- нің 99- бабы 2- бөлігімен айыпталып, мекеме қамауында  отырған,  2002  ж туылған  Д есімді азаматтың  қарындасы болып шықты. 


Анықталған факт бойынша бөлім қызметкерлері дер кезінде ҚР ӘҚБ- 481- бабының 1- бөлігі бойынша хаттама толтырып, ісін сотқа жолдады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.