"Жаңаөзен әкімінің иттік тірлігі" деп жазған белсенді жауапқа тартылды

271
Жаңаөзен қалалық әкімшілік соты белсенді Келбет Нұрбаевты қала әкімі Айбек Қосуақовқа "жала жапты" деп 20 күнге қамады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 




Әкім "Нұрбаев Facebook желісінде ар-намысымды, абыройымды қорлайтын жазба жазды" деп сотқа берген. Осыдан соң Нұрбаевтың үстінен Әкімшілік кодекстің "Жала жабу" бабы бойынша іс қозғалған.

Сот бойынша 19 қазанда таңертең хабарласты. Жаңаөзен әкімі Қосуақов "мені ит деді" деп мені сотқа берген. Сот шешімімен келіспеймін. Facebook желісінде"Жаңаөзен әкімінің иттік тірлігі" деп жазғанымды мойындаймын. Сотқа әкім келмеді, өкілі келді, - деді Нұрбаев.

Белсенді Нұрбаев "Демпартия" бастамашыл тобының адвокаттарымен ақылдасып, сот шешіміне қарсы апелляциялық шағым түсірмек.

6 қазанда Жаңаөзенде белсенді Мұрат Жұмағалиевті есігінің алдында жеті жігіт соғып кеткені жайлы пост жарияланған. Осы постың астына Нұрбаев "Жаңаөзен әкімінің иттік тірлігі" деген пікір жазған. Әкім Қосуақов осы комментті сотқа дәлел ретінде ұсынды.

Қазақстанда құқық қорғаушылар, халықаралық ұйымдар мен заңгерлер "билік өкілдері "Жала жабу" бабын өзіне жақпаған белсенділерді және журналистерге қысым көрсетуге қолданады" деп алаңдаушылық білдірген.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.