"Казахсран": сотта әнұран мәтінін қасақана өзгерткендер іздестіріліп жатыр

1 519

Фото:© Видеодан скринМаңғыстау облыстық сотының ғимаратында орналасқан мемлекеттік әнұран стендіндегі жазуды қасақана өзгерткен белгісіз тұлғалар іздестіріліп жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі politico.kz сайтына сілтеме жасап.

Сот ғимаратының бірінші қабатындағы тақтада қате жазылған сөз туралы видео тарап, онда "Казахстан" сөзінің орнына "Казахсран" деп жазылғаны көрсетілген. Алайда сот өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін және стендке жабыстырылған "Р" мен "Т" әріптерінің орнын белгісіз адамдар жалған мәлімет тарату мақсатында әдейі ауыстырып қойғанын мәлімдеген. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша жиналған барлық материал құқық қорғау органдарына жолданған. Оқиғаның мән-жайын толық анықтап, кінәлілерді тауып, оларды заңға сәйкес жауапкершілікке тарту үшін тиісті шаралар қабылдануда. Сот жалған ақпарат таратып, мемлекеттік рәміздерге құрметсіздік танытқан немесе қоғамды жаңылыстырған кез келген заңсыз әрекетке құқықтық баға берілетінін қатаң ескерткен. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.