Цой "қызыл" және "сары" статусы бар қазақстандықтарға үндеу жасады

250
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "қызыл" және "сары" статусы бар қазақстандықтардан жауапкершілік танытуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкімет отырысында министр Ashyq жобасы аясында мониторингтік топтар 60 473 нысанды тексергенін, оның ішінде 1183 учаскеде (тексерілген нысандардың 2 пайызы) заңбұзушылықтар анықталғанын айтты.

"Ashyq енгізілгеннен бері "қызыл" және "сары" статусы бар 46 067 тұрғын анықталды. Оның ішінде ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен 29 930 адам және байланыста болған 16 137 адам бар. Статистика көрсеткендей, өкінішке қарай, кейбір тұрғындар талаптарды орындамайды. Осылайша басқаларға вирус жұқтыру қаупін төндіреді. Өзгелерге қауіп төндіретін тұрғындардан азаматтық жауапкершілік танытуды және вирустың таралуына ықпал етпеуді сұраймын", - деді Цой қазақстандықтарға.
Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы карантинге қарамастан, бірқатар өңірде тұрғындар салтанатты іс-шара (үйлену тойы, еске алу кештері және басқалары) өткізетінін және карантин режимін өрескел бұзу дерегі тіркеліп жатқанын айтты. 
"Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдарға мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді тапсыруды сұраймын", - деп қосты Алексей Цой. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.