«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында оқыту басталды

1 272

Фото: Сырдария Ауданының Әкімдігі«Аmanat» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Сырдария ауданының А.Тоқмағамбетов ауылында оқыту жұмыстары басталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ауыл тұрғындары үшін маңызды іс-шараның ашылуына «Аmanat» партиясының аудандық филиалының төрағасы Ержан Әжікенов пен партия филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы арнайы қатысып, «Қарызсыз қоғам» жобасының түпкі мақсаты туралы айтып өтті.

Қарызсыз қоғам жобасы — экономикалық жүйе мен қаржылық қатынастарды қайта қарастыруды мақсат еткен идея. Бұл жоба бойынша, адамдар мен ұйымдар қаржылық міндеттемелерін, яғни қарыздарын алып тастап, өзара қолдау мен ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастарды дамытуға ұмтылады. 

Қарызсыз қоғам жобасы — бұл адамдардың қаржылық жүйедегі рөлін өзгерту, әлеуметтік байланыстарды нығайту, және тұрақты экономиканы дамытуға арналған кешенді бастама. 

«Аmanat» партиясының басты құндылығы – адам. Партияның саяси бағдарламасы, саяси тұғырнамасы және партиялық жобалары әр адамның өмірін жақсартуға бағытталған. Осы ретте «Қарызсыз қоғам» жобасы жүзеге асуда. Бұл жобаның маңыздылығын Жолдауда Мемлекет басшысы кеңінен айтып өтті. Жоба партияның ұйытқы болуымен ауданда сәтті жүзеге асып, бүгінгі күнге дейін 508 адам оқытудан өтті. Жыл аяғына дейін 420 адам оқытылады деп жоспарлануда, – деді «Аmanat» партиясының аудандық филиалының төрағасы Ержан Әжікенов.

Өз кезегінде партия филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы «Қарызсыз қоғам» жобасының басты мақсаты халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру екеніне назар аударды. Сондай-ақ жоба қоғамда жаңа қаржылық мәдениет қалыптастыруға тікелей әсер ететінін айтып, қажетсіз несиеден бас тартуға дағдылану қажеттігін атап өтті.

Айта кету керек, А.Тоқмағамбетов ауылында апта соңына дейін 80 адам оқыту жұмыстарымен қамтылады деп жоспарлануда. Оқытуды белгілі тренер Балдырған Мәмен жүргізеді. Қосымша ақпараттарды «Аmanat» партиясының аудандық филиалынан алуға болады.

Жобаның басты мақсаты  аудан халқын қаржылық сауаттылықпен таныстыру, олардың қарыз алуға деген көзқарасын өзгерту, сондай-ақ, қарыздан арылу жолдарын үйрету. Қарызсыз қоғам құру арқылы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету.