Стоматолог 65,9 млн теңгені заңсыз жымқырған
Алматы облысында МӘМС қаражаты талан-таражға түскен, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.
Алматы облысында екі жеке стоматологиялық клиниканың басшысы туа біткен патологиясы бар балаларға іс жүзінде көрсетілмеген медициналық қызметтерді ақпараттық жүйеге енгізіп, мемлекеттен 65,9 млн теңге алған.
Прокуратура мәліметінше, клиника басшысы балалардың дербес деректерін пайдаланып, оларға ортодонтиялық қызмет көрсетілді деген жалған ақпарат енгізген. Осы мәліметтер негізінде МӘМС қорының қаражаты есебінен медициналық ұйымдарға заңсыз төлемдер аударылған.
Қаз
Рус






