«Есірткі салып жібереміз деп қорқытқан»: 19 жастағы қазақстандықтың анасы ұлын соғыстан құтқаруды сұрады

1 504

Фото: uralskweek.kzӨскемен қаласының 19 жастағы тұрғыны Камир Нұрғалиевтің жақындары Ресейде жас жігітті мәжбүрлі түрде әскери келісімшартқа отырғызғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Бұл туралы зардап шегушінің анасы Алена Павловна «Уральская неделя» басылымына хабарлады.

Отбасының мәліметінше, 15 қазан күні Камир туыс ағасына өзге біреудің Telegram-аккаунты арқылы байланысқа шыққан. Оның жеке ұялы телефонын әлдекімдер тартып алған көрінеді.

Жігіттің сөзіне қарағанда, ол Ульяновск қаласында досымен бірге келе жатқанда, шағын автобустағы белгісіз біреулер оларды күшпен тоқтатқан. Камир туыстарына өздерін аяусыз соққыға жыққанын және Ресей Қорғаныс министрлігінің келісімшартына қол қоюдан бас тартса, қалталарына «есірткі тастап, істі қыламыз» деп бопсалағанын айтып үлгерген. Жас жігіт денесінде көптеген жарақаттар барын жеткізген.

«Балам өзінің нақты қай жерде екенін білмейді, тек «даладамыз» деді. Кейін оларды «оқуға» деп Ростов жаққа жібергелі жатқанын айтты. Содан бері оның қайда екенінен нақты хабар жоқ», – дейді анасы.

Камир колледжді аяқтаған соң, нәпақа табу үшін Ресейге көктемде кеткен. Алдымен Гагарин қаласындағы тамақ өнеркәсібінде жұмыс істеп, тамыз айында Ульяновскідегі жолдасына қыдырып барған. Туыстарының айтуынша, ол жақын арада Қазақстанға түпкілікті оралуды жоспарлап жүрген.

СІМ мен Консулдықтан қандай көмек бар?

Соңғы қоңыраудан кейін жақындары дереу Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне шағымданды. Олар ресми органдардан жас жігіттің орналасқан жерін анықтауды, оның қауіпсіздігін тексеруіп, елге қайтаруға араласуды сұраған.

Әзірге Қазақстанның Қазан қаласындағы бас консулдығы отбасымен хабарласып, жағдайды бақылауға алғанын жеткізген. Дегенмен, туыстары дипломаттар Камирдің қайда екенін анықтағанша, оны соғыс өрті өршіп тұрған аймаққа аттандырып жібере ме деп алаңдап отыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.