Сотталған жазаға тартылғаны үшін сыр сақтай алмаған әйелін кінәлайды
Қызылордадағы Қылмыстық атқару жүйесіне қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінде ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 1-тармағы бойынша сотталған азамат өзінің сотталуына әйелін кінәлайды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ар алдында адал болғысы келген азамат бұл ұят қылмысты ішіп алып, мастықпен жасадым ба, жасамадым ба білмеймін деп, әйеліне шынын айтып ақтарылған.
Ал әйелі бес- алты ай өткеннен соң, ұрсып қалғанда бәрін жайып салып, тергеуге тартылып, қамалуына себепкер болған.
Бұндай жағдайға түсемін деп ойламадым.
Жәбірленуші қайын апамның қызы болып келеді. Шамамен 6-7 жастағы мектеп оқушысы. Қайын апам әдеттегідей балаларын қыдыртып үйге жіберіп тұратын.
Аулымдағы жалдамалы құрылыс жұмысында нәпақа тауып жүретінмін. Жұмысым ауыр болғандықтан, шаршағанымды басамын деп арақ ішетінмін. Сол күні түскі асқа қатты мас болып келдім де төсегіме барып құладым.
Қарасам жанымда қайын апамның қызы жатыр екен.
Есімді жиған соң, бұл ұят қылмысты ішіп алып, мастықпен жасадым ба, жасамадым ба білмеймін деген күдік болды.
Сондықтан Алланың алдында таза болу үшін әйеліме шынынымды айтып ақтарылдым.
Бес- алты ай, өткен соң әйеліммен қатты ұрсып қалғанда осы ісімді айтып жайып салды.
Ақырында тергеуге алындым. Барлық тексерістен өттік. Алайда дәлелденбеді.
Тек өзімнің мастықпен сол әректке бармақшы болғанымды мойындаған факт бойынша, ҚК- тің 124-бабының 1-тармағына сәйкес, бес жылға сотталдым.
Қазіргі таңда 1 жыл 8 айын өтедім. Мұнда шаруашылық бөлімінде еңбек етіп жүрмін. Тапқан табысымды балаларыма жіберіп тұрамын.
Бір ұл, бір қызым бар. Мастықпен сондай қылмыс жасамақшы болғаныма қатты өкінемін.
Алладан кешірім сұрап, намаз оқып жүрмін. Шыққан соң, салып бастаған үйімнің құрылысын аяқтап, балаларымды алып анаммен бірге тыныш өмір сүрсем деймін – деп аяқтады сөзін сотталған.