Желіде Ерболат Құдайбергеновке ұқсас адамның ұсталған сәтінің видеосы тарады

1 530

Желіде танымал әнші Ерболат Құдайбергеновті полиция қызметкерлері ұстап, наркологиялық бөлімге жеткізгені жайлы видео тараған,- деп хабарлайды Оpennews.kz. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кадрлардан ер адамды полицейлер ұстап жатқаны байқалады. Ал екінші видеода ер адам ағаштар арасынан зат іздеп жүр, сондай-ақ боғауыз сөздер айтады. Жазба авторлары бұл видеодағы адамды Ерболат Құдайбергенов деп көрсеткен.


Осы тұста Stan.kz редакциясы Ерболат Құдайбергеновтің менеджеріне хабарласқан. Әншінің менеджері Айдана Ахметбек желіде тараған видео мен ондағы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын алға тартты. Оның сөзінше, видеодағы адам – Ерболат Құдайбергенов емес.

“Желіде тараған ақпарат жалған. Әншінің ата-анасы оның Алматыда екенін айтып отыр. Ол кісімен 1 апта бұрын көрістік, ол кезде бәрі жақсы болған. Видеодағы ер адам Ерболат емес, ұқсамайды. Жалған ақпарат таратқандарға шара қолданамыз”, - деді ол.

Редакция полицияға ресми сауал жолдады. 

Айта кетейік, Ерболат Құдайбергенов – көпшілікке патриоттық бағыттағы әндері арқылы танылған қазақстандық әнші. Әншінің танымал туындыларының қатарында “Мен қазақпын” атты әні де бар.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.