Мас күйде тәртіп бұзған жолаушы пойыздан түсірілген
Шу аудандық соты қоғамдық орындарда мас күйінде болған деп айыпталған азамат Қ.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Аталған азамат 2026 жылдың қаңтар айында "Алматы-Қостанай" бағыты бойынша жүретін жолаушылар пойызында масаң күйде болып, басқа жолаушыларға құрметсіздік танытып, жолсеріктің ескертулерін елемеген.
"Шу" станциясының желілік полиция қызметкерлері К.-ны пойыздан шығарып, хаттама толтырған. Медициналық куәландыру орташа дәрежелі алкогольдік масаңдықты растаған. Сот сонымен қатар құқық бұзушының 2025 жылдың мамырында жоғарыда аталған құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылғанын анықтаған.
К.-нің кінәсі хаттамамен және медициналық қорытындымен расталған.
ӘҚБтК 440-бабы 3-бөлігінің санкциясы 10 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуды немесе 20 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды не 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейді.
Сот қаулысымен К. ӘҚБтК 440-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 тәулік мерзімге қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалған.
Қаулы заңды күшіне енді.







