Жігітін пышақтап тастаған қыз 10 жылға сотталды

1 509

Фото: pixabayШымкентте қызғаныштан жігітін пышақтап өлтірген 25 жастағы қыздың соты өтті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Соттың материалдарында жазылғандай, қайғылы оқиға 20 мамырда сағат 13:00 шамасында Самал-3 шағын ауданындағы үйдің ауласында болған. Қыз бен жігіттің арасында жанжал туып, әйел ас үйдегі пышақты ер адамның оң жақ кеудесіне сұғып алған. Жәбірленуші сол жерде көз жұмған. Сараптама нәтижесі көрсеткендей, әйел қылмысқа саналы түрде барған.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әйелге ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі, «Адам өлтіру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату» бабы бойынша айып тақты. Алқабилер соты оны кінәлі деп тапты.

Сот оны 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды. Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленеді. Сондай-ақ жәбірленушілердің пайдасына 20 млн. теңге өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.