Қостанай облысында зейнеткер екі ұлының көз алдында суға батып кетті

308
72 жастағы ер адам Обаған өзенінен өтпек болғанда суға батып кетті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«22 қарашада Меңдіқара ауданында екі ұлы, әкесі және тағы бір ер адам Харьков кентінен 40 шақырым жерде Обаған өзеніне балық аулауға барған. Сағат 21:20-да «112» нөміріне 1949 жылғы ер адамның жеңіл көлікпен өзеннен өтпек болып, суға батып кеткені туралы хабар түскен», - деді департаменттен.

23 қарашада сағат таңғы 9:00-де құтқарушылар оқиға орнына жетіп, ер адамның мәйітін судан шығару жұмысына кіріскен. Ұлдары бұл жағдайды оқыс оқиға деп отыр.

«Біз желіні тексермек болып кетіп қалдық, әкеміз машиналарды күзетіп қалған. Мотордың дауысын естіп, әкеміздің көліктердің біріне мініп, жұқа мұздың үстімен жүріп кеткенін көрдік. Артынан жүгіріп барып, айқайладық, сигнал бердік. Әрі қарай ол суға батып кетті, біз оның артынан мұздың астына түстік. Бірақ, оны шығара алмадық. Әкеміздің мұндай қадамға неліктен барғанын түсіне алмай жатырмыз, біз мұнда бірнеше рет келгенбіз және қауіпті орындарды білеміз», - деді қаза табушының ұлының бірі.

Таңғы сағат 10:00-де сүңгуірлер мұз астынан мәйітті алып шығып, туыстарына берді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.