13 келі марихуананы заңсыз сақтаған қазақстандық Ресейде ұсталды

1 339

Фото: istockphoto.comБас прокуратура аса ірі көлемдегі есірткі затын өткізу мақсатында заңсыз сақтап, тасымалдағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Аталған тұлға 2023 жылдың қыркүйегінде Жамбыл облысының аумағында 13 кг кептірілмеген марихуананы заңсыз сақтап, тасымалдағаны анықталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынуына байланысты халықаралық іздеуге жарияланды.

2024 жылдың тамыз айында ол Ресей Федерациясы Киров облысының аумағында ұсталып, кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалуда.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.