Қызылордада жүкті әйел сауда үйінен құндыз тон ұрлап кеткен

157
Қызылордада жүкті әйел сауда үйінен құндыз тон ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

5 желтоқсан күні сағат 14:30 шамасында Қызылорда қаласы ПБ криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері “ізін суытпай” ұрлық қылмысын ашты.

Сол күні “102” арнасына қала аумағындағы ірі сауда үйінің бірінен жәбірленушіге тиесілі құндыз тонның ұрлағандығы жөнінде хабарлама тіркелді. Полиция қызметкерлерінің кәсіби және жедел әрекеттерінің арқасында қылмысқа күдікті, бұрын сотты болған 28 жастағы Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта тон иесіне қайтарылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Күдікті басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Полицейлер оның басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтайды.

Жәбірленуші әлеуметтік желі арқылы бейнежазбамен криминалды полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғысын білдірді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.