"Швейцария университетіне жолдама": филиппиндік блогерге "қазақша" үйреткен көкбазарлық оқушыға екі бірдей грант табысталды

2 276

Видеодан кадр: youtube.com/@MaratOralgazinКөк базарда шетелдіктермен ағылшынша тілдесіп, әлеуметтік желіде танымал болған Алматы облысы Бесағаш ауылының тұрғыны, 9 сынып оқушысы Нұржол Сатыбалдыға екі білдей білім гранты табысталды. Ерекше сәтке көрермендер жуырда Астанада өткен "Қызық Times" концертінде куә болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Концерт кезінде Қазақ-Америка университетінің басқарушы серіктесі Абылай Алатаев филиппиндік блогерге қазақ тілін "үйреткен" оқушыға екі грант сертификатын табыстады. 9 сыныпқа көшкен Нұржол Сатыбалды үш жылдан соң, мектеп бітірген соң Қазақ-Америка университетінде оқи алады. Одан бөлек оған шетелдік жоғары оқу орнында оқу мүмкіндігі де берілді.

"Ғаламторда видеоларыңды көріп, тапқырлығыңа, алғырлығыңа, біліміңе қатты риза болдық. Бүгін ата-анаң қуанышқа бөлену үшін осы сыйлықты беруді жөн көрдік. Біріншісі - Қазақ- Америка университетінің атынан саған 4 жылға тегін оқуға грант. Мұнымен біткен жоқ. Өзіміздің грантымыздан бөлек, шетелдік Швейцария университетінің төртжылдық гранты. Бүгін үйіңе бір емес, екі төртжылдық грантымен барасың", - деді Абылай Алатаев.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.