Жатақхана мәселесі: «110 млрд қаржы игерілмеген, ауада тұр» – кәсіпкер
Дәл қазір елімізде қызып тұрған тақырыптың бірі – жатақхана. Алматыда жатақхана жетіспеуінің кесірінен жан-жақтан келген студенттер пәтер іздеп, сандалып жүр. Алайда олардың бағасы әкесінің құнын сұрайды. Тіпті баға өскен сайын өсіп, пәтерді жалға берушілердің араны ашылды. Қазір орташа есеппен Алматыдағы пәтер құны 200-400 мың теңге арасында. Аталған тақырып аясында «Ашық алаңда» талқылау болды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бірінші қыркүйектегі жолдауында студенттердің жатақхана мәселесіне қатысты:
Бұл түйіткілді шешу үшін жоғары оқу орындарымен және құрылыс компанияларымен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орнату тәсілін барынша енгізу керек.
Сондай-ақ, барлық мәселенің шешімін табуды мемлекеттік мойнына ілу дұрыс емес деп санаймын.
Сол себепті мемлекеттен қаражат алу үшін жекеменшік жоғары оқу орындарының жатақханасы болу шарт.
Әрине, мұны оқу орындарынан біртіндеп талап еткен жөн», – деген болатын.
Жатақхана мәселесінің Жолдауда атап өтілуі бекер емес. Себебі елімізде 90 мың студент жатақханаға мұқтаж. Олардың дені пәтер жалдап тұруға мәжбүр.
Кәсіпкер Арман Байқадам бұл мәселеге қатысты өзінің ойын былай деп жеткізді:
Бізде мысалы, жылқылармен айналысатындар біледі, 1 жылқыға 10 шаршы метр деп есептейді. Енді студентті дайындауға 6 шарты метрден төмен десек… білмеймін енді, айта алмаймын…».