19 жастағы қызды жігітінің досы зорлаған, бойжеткеннің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Екібастұзда 19 жастағы қызды жігітінің досы зорлап тастаған. Бойжеткен бірден полицияға жүгінген, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл туралы “Немолчи” қоры мәлімдеді. Қызды жігітінің досы оны қызмет көрсету станциясына алдап апарып, зорлаған. Салдарынан ол бірнеше жерінен жарақат алған.
«Оқиға туралы қыз жігітіне айтады, ары қарай екеуі полиция бөлімшесіне барады. Олар да қыздың сол кездегі жағдайын көріп, оларды ауруханаға жібереді. Ал күдікті өз кінәсін мойындаған. Бірақ ол еркіндікте жүр, оған ешқандай шара қолданбаған. Ер адам қызды ізінен аңдып, оны қорқытқан. Не істерін білмеген қыз арызын қайтарып алады. Енді полиция ол жалған ақпарат бергені үшін үстінен іс қозғап жатыр», - деп жазды қор.
Ендігіде қыз 3 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Павлодар полиция депатаменті түсініктеме берді.