19 жастағы қызды жігітінің досы зорлаған, бойжеткеннің үстінен қылмыстық іс қозғалды

1 488

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:  rus.azattyk.orgЕкібастұзда 19 жастағы қызды жігітінің досы зорлап тастаған. Бойжеткен бірден полицияға жүгінген, деп хабарлайды "Opennews.kz"  ақпарат агенттігі.

Бұл туралы “Немолчи” қоры мәлімдеді. Қызды жігітінің досы оны қызмет көрсету станциясына алдап апарып, зорлаған. Салдарынан ол бірнеше жерінен жарақат алған.


«Оқиға туралы қыз жігітіне айтады, ары қарай екеуі полиция бөлімшесіне барады. Олар да қыздың сол кездегі жағдайын көріп, оларды ауруханаға жібереді. Ал күдікті өз кінәсін мойындаған. Бірақ ол еркіндікте жүр, оған ешқандай шара қолданбаған. Ер адам қызды ізінен аңдып, оны қорқытқан. Не істерін білмеген қыз арызын қайтарып алады. Енді полиция ол жалған ақпарат бергені үшін үстінен іс қозғап жатыр», - деп жазды қор.


Ендігіде қыз 3 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Павлодар полиция депатаменті түсініктеме берді.


«Қажетті тергеу іс-шараларының кешені өткізілді, онда барлығы өзара келісім бойынша болғандығы анықталды. Бастапқыда қала тұрғыны жалған ақпарат бергенін ескере отырып, жалған сөйлеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - дейді полицейлер. 



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.