Кредит төлей алмайтын қазақстандықтарға қатысты заң әзірленіп жатыр

482

Премьер-министр Әлихан Смайылов "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" заң жобасын 4 ақпанға дейін үкімет кеңсесіне енгізуді тапсырды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 


Заң жобасында жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің түрлері, оларды қолдану негіздері және басқа да ережелер қарастырылған.

Үкімет басшысы баспасөз қызметінің мәліметінше, осыған орай 18 заңнамалық актіге – 7 кодекс пен 11 заңға түзету енгізу жоспарланған.  

"Заң жобасын талқылауға жұртшылық пен сарапшыларды тартуды тапсырамын",  –  деді Смайылов.

Айта кетейік, Қазақстанда жеке азаматтардың банкроттығы туралы заңды қабылдау мәселесі талай рет көтерілді. Бірақ осы уақытқа дейін қолға алынбады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.