12 миллион теңге жымқырған әкімдік қызметкері сотталды

1 507

БҚО-да ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған әкімдік қызметкеріне сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Бұл туралы БҚО өңірлік прокуратурасы жария етті. Ведомство мәліметінше, прокурорлық тексеріс кезінде БҚО Шағатай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы 2020 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде өзінің карта шотына заңсыз аударым жасау жолымен 12 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны анықталған. 

Бұл факт Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі бойынша СДТБТ-не тіркелген. Кейіннен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшін Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданып, тергеу нәтижесі бойынша іс сотқа жолданған.  


 "Сот үкімімен әкімдік қызметкер 3 жылға бас бостандығынан айырылып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде жазасын өтеу тағайындалды", - делінген хабарда. 


Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.