Жалған паспорт: Тұрғымбаев 28 медицина қызметкері ұсталғанын хабарлады

361
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жалған вакциналау паспорттарына қарсы қандай шаралар қолданылып жатқанын айтты.

"Жалған медициналық құжаттарды қолдан жасау схемасы анықталды. Кейбір туроператорлар жалған вакциналау паспорттарын дайындаумен және сатумен айналысқан. Оның үстіне олар теміржол вокзалдарында, әуежайларда және мемлекеттік шекара бекеттерінде сатылып келген", - деп хабарлады министр.

Тұрғымбаевтың айтуынша, жыл басынан бері 110 қылмыстық іс тіркелген, оның 60-ы ПТР анықтамасын, 50-і вакциналау паспортын қолдан жасауға қатысты. 

ПТР анықтамасын және жалған вакциналау паспортын қолдан жасағаны үшін 28 адам, оның ішінде 20 медицина қызметкері (6 дәрігер, 14 медицина қызметкері) және 8 делдал ұсталды

Сондай-ақ әлеуметтік желілерде жалған вакциналау паспорттары мен ПТР анықтамасы сатылатыны туралы 70 жарнама анықталды, оның 37-сі қазірдің өзінде бұғатталды.

 4 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды. 43 қылмыстық істі тергеу мен сараптамалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.