ҚМДБ еліміздегі мұсылмандарды түсіністікпен қарап, никабқа тыйым салуды қолдауға шақырды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) елімізде бет-әлпетті толық жабатын киімге, соның ішінде никабқа тыйым салу мәселесін қолдайтынын мәлімдеді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Басқарма өкілдері бұл шара дінге қарсы емес, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отырғанын атап өтті.
ҚМДБ-ның ресми мәлімдемесінде никаб киюге (бет-әлпетті толық жабатын киім) тыйым салу – ислам талаптарына қайшы емес екені көрсетілген. Онда Құран аяттары мен Пайғамбар Мұхаммедтің хадистерінен үзінділер келтіріліп, әйелдерге денесін жабу жеткілікті. Ал беті мен қолының білезікке дейінгі бөлігі ашық қалуына болады деп түсіндірілген.
Діни басқарма өкілдерінің айтуынша, ислам әрдайым қоғамдық тәртіпті, тұрақтылықты және бейбітшілікті қолдайды. Жаңа заңнамалық өзгерістер дін ұстанушылардың құқығын шектемейді, керісінше, қоғамдағы келісімді сақтау мақсатын көздейді.
ҚМДБ Қазақстан мұсылмандарын бұл өзгерістерге түсіністікпен қарауға шақырып, бірлік пен келісімнің маңыздылығын атап өтті.