20 ақпанға дейін жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен нысандар жөнделеді

530

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бүлінген мемлекеттік нысандарды 20 ақпанға дейін жөндеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Индустрия министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, әкімдіктердің жедел деректеріне сүйенсек, республикада жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 8 өңірде 53 мемлекеттік нысан мен шағын және орта бизнестің 151 нысаны зардап шекті.
"Әкімдіктер бүлінген нысандардың нақты санын күн сайын жаңартып отырады", – деді ол үкімет отырысында.
Мемлекеттік комиссия бірыңғай іс-қимыл алгоритмін әзірледі. Бүлінген нысандарды қалпына келтіру бойынша нақты мерзім белгіленді.
"Барлық өңірде келтірілген залалды тексеру және бағалау жөніндегі комиссия құрылды. Бүгінгі таңда ақаулы актілер жасалып, техникалық тексеріс жүргізілуде. Кейін жедел тәртіпте күрделі жөндеу және қайта құруға жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді", - деді министр.
Бұған қоса, ол барлық өңірде қалалық автобус, теміржол вокзалы мен жолаушылар, жүк пойыздарының қозғалысы толығымен қалпына келтірілгенін атап өтті. Республикалық маңызы бар автожолдар ашық.
Елдегі 20 әуежайдың 18-і штаттық режимде жұмыс істейді.
“Алматы мен Талдықорған әуежайларының қызметі ғана тоқтатылды. Бұл ретте Алматы қаласының әуежайы қызметін қайта бастауға дайын. Құзыретті арнайы органдардың тиісті шешімі қажет”, – деді Өскенбаев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.