Қазақстан аумағынан қара металдардың қалдықтарын шығаруға уақытша тыйым салынды

1 525

фото: pixabay.comӨнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстан аумағынан қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын шығаруға уақытша тыйым салынғанын мәлімдеді, - деді хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Министрліктің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, 2024 жылғы 19 тамызда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі № 304 "Қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын шығаруды реттеудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығын қабылдады. 

"Бұйрықпен Қазақстан аумағынан қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын, сондай-ақ бұрын пайдалануда болған құбырларды, рельстерді, теміржол төсемінің элементтерін және жылжымалы құрамды темір жол көлігімен шығаруға уақытша тыйым салынды. Бұл норма отандық металлургиялық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету және тиеу мақсатында қабылданды, өйткені ел ішінде қайталама металдарды барынша қайта өңдеу неғұрлым жоғары қайта бөлу өнімдерін шығару, сондай-ақ экологиялық тазалық пен ең аз энергия шығыны үшін стратегиялық маңызды бағыт болып саналады", - делінген ведомство хабарламасында.


 Ведомсто өкілдерінің мәлімдеуінше, министрлік өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган ретінде соңғы бірнеше жыл ішінде ішкі және сыртқы нарықтарға бағдарлана отырып, болат өнеркәсібі өндірісін кеңейтуге бағытталған дәйекті жұмыстар жүргізіп келеді. Бұл ұлттық өнеркәсіптік саясатты дамытудың негізгі элементі болып саналады. 


Бұйрық 2024 жылғы 22 тамыздан бастап күшіне енді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.