11 мың Kaspi постоматы жеткізуді тегін әрі жылдам етті

1 504

ҚазақстандФото; Pinterestықтардың көпшілігі тауарды тікелей Kaspi Postomat арқылы тегін жеткізуге тапсырыс береді. Бүгінде Kaspi елдің түкпір-түкпіріне 11 мың ақылды постомат орнатты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

 Адамдар жылдамдықты, қолайлылықты және кез келген жерде еркін жүріп-тұру мүмкіндігін бағалайды. Тапсырысты курьерді күтпей-ақ, өзіңізге ыңғайлы уақытта алып кетуге болады. Компания тағы қандай жаңалық енгізді?

Kaspi Postomat бүгінде қалаларда, ауылдарда, тіпті жайлауларда да бар. Kaspi адамдар қай жерде жүрсе де, технологияны оларға жақындата түсуде. Болат Бейбітханұлы – ата кәсіпті жалғаған малшы. Оның айтуынша, әкесі кезінде атпен постоматқа келіп, тапсырысын алып кетуді елестете де алмаған. Болат жайлауда отырып-ақ жылқыларға арналған GPS-трекерлерге тапсырыс берген.


– Әрине, Kaspi біз үшін өте ыңғайлы. Бұрын Алматыға барып-қайту үшін 120 шақырым жол жүруге тура келетін. Бірдеңе сатып алу үшін арнайы бір күн бөліп, көла қарайтын адам табу қажет болатын. Қазір Kaspi-дегі пікірлерді оқып, тапсырыс беремін. Тіпті көлік те керек емес. Ең жақын постоматқа өз атыммен 10 мік іздеп, малғинутта жетемін, дейді Бейбітханұлы, бақташы

Қазақстанда алғашқы постоматтар осыдан бес жыл бұрын орнатылды. Ол кезде олардың саны шамамен мың болатын. Бүгінде бұл көрсеткіш он есе артты. Қазір Kaspi және оның серіктестері еліміздің әр өңіріне күн сайын жарты миллионнан астам сәлемдеме жеткізеді. Клиенттердің 62 пайызы постоматқа жеткізуді таңдайды.

Kaspi Магазинде «Төлеу» батырмасын басқан сәттен бастап күрделі әрі жан-жақты ойластырылған жүйе іске қосылады. Бұл жүйе 10 мыңнан астам жұмыс орнын қамтамасыз етіп отыр. Сатушы тауарды қабылдау пунктіне өткізеді, одан әрі ол сұрыптау хабына жеткізіледі. Кейін курьерлік қызметтер арқылы жөнелтіледі. Kaspi-дің серіктестерінің бірі Irbis компаниясының өзі тәулігіне 100 мың тапсырысты өңдейді.


– Біздің компания Kaspi серіктестігінің арқасында дамып келеді. Біз жаңа жұмыс орындарын ашып жатырмыз. Көбірек салық төлейміз. Процестерімізді автоматтандырып, өнімділікті арттыру үшін жаңа технологияларды енгізудеміз. Постоматтардың арқасында жеткізу уақыты едәуір қысқарды. Бір постоматты жүктеу барысында небәрі 15 минут ішінде 50-ден 100-ге дейін клиентке қызмет көрсете аламыз, дейді Виктор Батлук, Irbis Logistics компаниясының мекенжай бойынша жеткізу бағытының жетекшісі

Бір ауысымда курьер постоматтарға 800-ден астам сәлемдеме жеткізеді. Егер олардың әрқайсысын жеке мекенжайларға апару қажет болса, қала көшелеріне ондаған қосымша көлік шығар еді.


– ІІМ мәліметінше, бүгінде Алматы көшелерінде тәулігіне шамамен бір миллион автокөлік жүреді. Бұл өте үлкен көрсеткіш. Кептеліс мәселесі бүгінде тек көлік емес, экология үшін де үлкен проблема. Осы тұрғыдан алғанда Kaspi дұрыс бағыт ұстанып отыр деп есептеймін. Өйткені постоматтар жолдағы көліктер санын одан әрі көбейтпеудің нақты шешімі, дейді Алексей Алексеев, автосарапшы

Көпбалалы ана Анна Шкрыль үшін Kaspi Postomat нағыз көмекшіге айналған. Жұмыс, төрт бала, әрқайсысының үйірмелері мен секциялары және, әрине, Kaspi магазиннен жасалатын көптеген тапсырыстар.


– Kaspi Postomat бізге өте көп көмектесті. Әсіресе менің күн тәртібіммен бұл өте ыңғайлы. Үнемі бір жақта жүресің, ал дәл сол кезде курьер хабарласады. Қаланың басқа шетінде болсаң, бәрін тастап барып тауарды алу мүмкін емес. Сондықтан біз тапсырыс бергеннің бәрін тәуліктің кез келген уақытында өзімізге ыңғайлы кезде алып кетеміз, дейді Анна Шкрыль, көпбалалы ана

Соңғы үш жылда Kaspi жеткізу қызметін дамытуға 200 миллиард теңгеден астам инвестиция салып, бірегей жүйе қалыптастырды. Оның артықшылықтарын қазақстандықтар ғана емес, шетелдік қонақтар да жоғары бағалайды.


– Әкем – IT саласының маманы. Қазақстанға келген сайын Kaspi-ге тәнті болады. Өзім де Kaspi-дегі барлық сервисті пайдаланамын. Әсіресе тапсырысты үйге немесе Kaspi Postomat-қа алдырудың ыңғайлылығы ұнайды. Мысалы, Испанияда мұндай постоматтар жақында ғана пайда бола бастады. Бірақ маркетплейстер жүйесі әлі онша дамымағандықтан, олардың саны аз. Сондықтан бұрынғыдай дүкенге қалдырып кетуді сұрап, кейін барып өзің алып кетуге тура келеді, дейді Педро Висуэтэ Кастро, Испания азаматы

Ал Қазақстанда Kaspi Postomat арқылы тіпті баланың туу туралы куәлігін де алуға болады. Бұл пилоттық жоба. Сондай-ақ тапсырысты өзіңіз алып үлгермесеңіз, сенімді адамды алушы ретінде тағайындауға мүмкіндік бар. Жыл сайын Kaspi инновациялары адамдар мен сервистерді бұрынғыдан да жақындастырып, бизнестің дамуына жол ашып, сүйікті клиенттерге қажет дүниенің бәрін үйіне немесе ең жақын Kaspi Postomat арқылы тез әрі ыңғайлы жеткізіп беруге мүмкіндік жасап келеді.