Пәтер саламыз деп 1,8 млрд жымқырғандар ұсталды
Қаржы мониторингтік агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті құрылыс компаниясының топ менеджерлерінің заңсыз әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Олар көпқабатты тұрғын үй кешенін салу сылтауымен 1,8 млрд теңге қаражатын жымқырған.
Тергеу барысында Өскемен қаласында екі күдікті құрылысқа қатысуға арналған жалған келісімшарттар жасап, 102 азаматты алдағаны анықталды. Нәтижесінде құрылыс нысаны ұзақ құрылысқа айналды. Мерзімдер бірнеше рет ұзартылғанымен, тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталмаған.
Компаниялар үлескерлердің ақшалай қаражатын тартуға рұқсат құжаттары болмағантықтан заң талаптарын бұзған.
Қазіргі уақытта күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынып, тергеу изоляторына орналастырылды.