13 жастағы қыз арқанға соғылып қаза тапты

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИШығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 13 жастағы қыз мотоциклмен келе жатып, үй маңында байлаулы тұрған аттың арқанына соғылған. Жасөспірім оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Полиция мәліметінше, қайғылы жағдай 23 тамызда болған. Онымен бірге 15 жастағы жолаушы болған. Ол да жарақат алып, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. 

Риддер қаласының полиция бөлімі абайсызда адам өліміне әкеп соққан дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Жылқының иесі анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу барысы Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бақылауында.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.