Есепсіз шығындар: Әйтенов саябақ құрылысына 5,7 млрд теңге жұмсамақшы

275
Мемлекеттік сатып алу порталында Шымкенттегі саябақ құрылысына қомақты қаржы жұмсалатыны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Саябақ Шымкент қаласының "Шымкент сити" шағын ауданында бой көтереді деп жоспарланған. Лот сипаттамасының деректері бойынша оның құрылысына 5 772 170 827 теңге жұмсалмақ.


Тапсырыс беруші – "Шымкент қаласының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді алдын ала қабылдау 8-23 шілде аралығында өтеді.


Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласының әкімі – Мұрат Әйтенов. Бұдан бұрын оның тұрғындармен кездесуде түсірілген видеосы әлеуметтік желіде тараған еді. Шаһар басшысы өзіне сұрақ қойған азаматқа "сауатсыз екенсіз" деп жауап беріп, қатаң сынға ұшыраған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.