Қазақстандық азаматтарды телефон арқылы алдаған қылмыстық топ ұсталды
Қазақстанның ішкі істер министрлігі қазақстандықтар мен шетел азаматтарына қарсы әрекет еткен алаяқтық call-орталықтар желісін жоюға бағытталған арнайы операцияға қатысты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Министрлік хабарлауынша, Украина ұлттық полициясы мен екі елдің бас прокуратураларының бірлескен ауқымды арнайы операциясы нәтижесінде Украина аумағында әрекет еткен трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың call-орталықтары қызметін тоқтатты. 31 наурыз күні Днепр қаласында жүйелі түрде Қазақстан, Украина және Еуропалық одақ елдерінің азаматтарын интернет арқылы алдаумен айналысқан үш call-орталыққа тосқауыл қойылды.
“Алаяқтар жәбірленушілерді алдап, олардың құпия деректеріне, жеке кабинеттері мен банк шоттарына қол жеткізіп, нәтижесінде ақшалары мен цифрлық активтерін иемденген. Сонымен қатар романтикалық схемалар түріндегі тәсілдер арқылы, сондай-ақ криптовалютаға жалған инвестиция ұсыну арқылы жасалған алаяқтық деректері анықталды”, – делінген министрлік хабарламасында.
“Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың ұйымдастырушылары мен барлық белсенді қатысушы анықталды. Днепр қаласында бір мезетте 40 мекенжай бойынша тінту жүргізілді. Нәтижесінде 53 Украина азаматы ұсталды, олардың ішінде сегіз негізгі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – делінген хабарламада.
Тінту барысында 100 мың доллар, 90 компьютер, 125 смартфон, 6 элиталық автокөлік және атыс қаруына ұқсас заттар тәркіленді. Тергеу шаралары әлі де жалғасуда.







