"Буаз биені атып, құлынын лақтырып кеткен"...

430

Фото: pixabay.comАтырау қаласында ұрылар жылқыны жайылымнан мылтықпен атып алатын болған. Алдындағы малынан айрылғандар, құзырлы орган өкілдерінің қауқарсыздығына шағымдануда. Тек қана өткен жұма күні бір шаруа қожалығының 4 бірдей жылқысын атып, екеуін сойып алып кеткен. Қаскөйлердің әрекетіне әбден ашуланған шаруалар түз тағысынан емес, қасқыр терісін жамылған адамдардан арашалауды сұрап отыр.
 Атырау облысы, Индер ауданының, Батыс Қазақстан облысымен шекаралас аумағында ұрылар буаз биені атып, құлынын лақтырып, қараусыз қалдырған.
Жергілікті малшылар барымташылар жайылымда жүрген жылқыларды, бас-көз демей жайратып, бас-сирағы мен ішек-қарынын лақтырып кетуді әдетке айналдырғанын жеткізді. 
Қаскөйлердің әрекетінен шаршаған олар соңғы күндері сиырға да қырғидай тиіп жатқанына алаңдаулы.    "Қаңтар айының аяғында 2 бас жылқы кетті. Атып алып, сойып кеткен. Тек басы мен сирағы қалған. Соны таптық", - дейді шаруа қожалығының иесі Айтқали Жалиев. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.