Қызылорда облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

512
Қызылорда облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың 12 мүшесін ұстады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Қызылорда облысы прокуратурасының мәліметінше, арнайы жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде топ мүшелері қамауға алынған.

Кәсіпкерлер мен өзге де азаматтардың ақшасын, мүлкін бопсалаумен және есірткінің заңсыз айналымына қатысты басқа да қылмыстармен айналысқан қылмыстық топтың 12 мүшесі ұсталды. Сот қаулысымен ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері екі айға қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілді. Тергеу жалғасуда, егер ұйымдасқан қылмыстық топтың бопсалауына немесе басқа да қудалауына ұшыраған азаматтар немесе кәсіпкерлер болса, Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша ҚР ҰҚКБ-на хабарласуыңызды сұраймыз, - делінген хабарламада.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.