Кәсіпкер баспанасыз жүрген ұстазына 5 бөлмелі үй сыйлады

496
Жалғызбасты анаға өзінің оқушысы үй сыйлаған- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "Алматы" арнасына сілтеме жасап. 

30 жыл бойы өзі ұстаздық еткен зейнеткер Әлия Каленова жылдар бойы мүмкіндігі шектеулі ұлымен ескі ғимаратты паналап келген.


Кәсіпкер Әділ Жұбанов тек ұстазына ғана емес, Махамбет ауданының өзге тұрғындарына да қол ұшын созған қайырымды жан. 

 Кәсіпкер  бұдан бөлек, Маргарита Сейталиева есімді көпбалалы анаға қаланың қақ ортасынан пәтер сыйлаған.

Жасаған ісін жария еткісі келмейтін қайырымды жан аудан мен ауылдың өзге тұрғындарын да қолдайды екен. Тіпті, бір отбасының несиесін жауып берген. 

Қазіргі таңда, атыраулық кәсіпкер "Туған жер" бағдарламасы аясында өзі туған ауылда жолдар мен мектеп салуда.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.