Жаңақорған ауданында электр желілері жаңғыртылуда

1 589

Фото: Жаңақорған аудан әкімдігіЖаңақорған ауданында энергетика саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биыл бірқатар елді мекендерде электр желілері жаңғыртылып, тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Аудандағы электр желілік жүйе өткен ғасырдың 60-70 жылдары салынған және электр желілерінің тозуы 75 пайызға жеткен.

Бұл, әсіресе, жел мен жауын-шашын сияқты ауа райының қолайсыздығы кезінде жарықтың жиі сөнуіне себеп болып келді.

Осы мәселені шешу мақсатында облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен ауданда ауқымды жобалар қолға алынды. 2022 - 2025 жылдар аралығында жалпы құны 5,8 млрд теңгені құрайтын 20 жоба әзірленіп, кезең - кезеңімен жүзеге асырылуда. Оның ішінде 2023-2025 жылдары 9 жобаға республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, жаңғырту жұмыстары атқарылды.

Осындай жұмыстар Екпінді және Ақсуат елді мекендерінде де іске асырылды. Ауылдың электр бағаналары мен желілері толық жаңартылып, пайдалануға берілген болатын. Бүгін аудан әкімі Мажит Самитов, аудандық мәслихат төрағасы Жарқынбек Ғалымжан Екпінді және Ақсуат елді мекендерінде болып, тиісті мекеме басшылары және ауыл ардагерлерімен бірге атқарылған жұмыстармен танысты.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.