Елордада полиция қызметкерлерін желідегі жазбаларға «лайк» басуға міндеттеген

521
Желіде Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің «Есіл» аудандық полиция басқармасының бастығы М.Айтуғановтың атына жазылған рапорт мәтіні тарай бастады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәтінде басқарма бастығына қалалық полиция департаменті мен аудандық полиция басқармасының жағымды имиджін қалыптастыру үшін қызметкерлер тарапынан атқарылған шаралар туралы есеп берілген.

Нақтырақ айтсақ, «Есіл» аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің әлеуметтік желідегі белсенділігі туралы, департаменттің және басқарманың ресми парақшаларындағы жазбаларға қанша адам ұнату белгісін басқаны, қанша адам пікір қалдырғаны баяндалған.

«Есіл» аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімінің аға инспекторы Б.Исмаиловтың баяндауынша, полиция қызметкерлері желідегі жазбаларға жалпы саны 420 ұнату белгісін басып, 75 пікір жазыпты. 




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.