ДӘУРЕН АБАЕВТЫҢ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСУІНЕ КІМДЕР ҚАТЫСТЫ?
Кездесуге жиналғандардың басым көпшілігі жоғары шенді қызметкерлер мен зиялы қауым өкілдері, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда министрлер ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы тапсырмасымен өңірлерді аралап, халықпен кездесуде. Сол көріністің бірі, Сыр өңіріне ат терлетіп келген Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев бүгінге дейін атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспармен таныстырды. Айтуынша, биылдан бастап қаламгерлер мен баспагерлерге 2 әдебиет сыйлығы беріледі.
Жалпы министрдің халықпен кездесуі 2 сағатқа созылды. Зиялы қауым өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға Дәурен Абаев барлығын тиісті деңгейде қарастыратынын жеткізді.
Мәселен, қалалық өнер мектебі мен шығармашылық үйі мекемелері әлі күнге дейін өткізілетін іс-шараға қаржылай сыйақы беруге жергілікті билік пен мемлекет тарапынан қаржы бөлінбегенін айтты.
Қара халықтың мәселесі жеке қарастырылатындығын алға тартқан жергілікті билік өкілдері жинаған сала мамандары кездесу барысында ұйқы қысқаны соншалық қалғып кеткендері де жасырын емес.
Ең қызығы спорт министрі қаламыздағы спорт мектептерінің бірін аралап, жаттыққан балаларды тамашалауға барған. «Мәдениетті министр» тарапынан қызылордалық спортшылардың өнеріне, спорттың дамуына қуатты серпін беруі тиіс еді. Алайда олай болмай шықты. Өйткені аталған нысандарының көпшілігі – есеп үшін жасай салған дүниелер екені байқалды.
Оған дәлел Мәдениет және спорт министрінің сыр өңірінің спорт саласындағы өскелең ұрпақпен кездесуі болып отыр.
Желі қолданушылары министрлердің кездесулері әлі күнге алдын ала анықталған арнайы адамдарды шақыртылуымен өтіп жатқанын жазуда. Тіпті кейбірі қарапайым қала тұрғындарының кездесулер жайлы толық ақпараттандырылмайтынын жеткізуде.