Қазақстандықтардың жартысына жуығы 5 жылға жетпей ажырасып жатыр

1 884

Фото: Ru.freepik.comЕлде ажырасып жатқан жастардың саны азаймай тұр. 2024 жылы Қазақстанда 40,6 мың ажырасу тіркелсе, оның 43%-ының некесі бес жылға жетпей бұзылған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Stan.kzсайтына сілтеме жасап.


Data Hub Telegram арнаcының мәліметінше, бұл көрсеткіштің ішінде 3,3 мың жұп некелескеннен кейін алғашқы жылы-ақ ажырасқан, ал тағы 14,2 мың отбасы бір жылдан бес жылға дейінгі аралықта айырылысып кеткен.

Мұндай қысқа мерзімді некелердің үлесі ажырасулар санының ішінде кейінгі 14 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті. 2023 жылмен салыстырғанда өсім бір пайыздық тармақ болса, алдыңғы онжылдықтың орташа көрсеткішімен салыстырғанда 38% артқан. 

“2024 жылы ажырасу деңгейі (1000 адамға шаққандағы ажырасулар саны) 2001 жылдан бергі ең төменгі көрсеткішке – 2,01-ге жетті. 2023 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріс жоқ (ол кезде 2,02 болған), бірақ кейінгі он жылдың орташа деңгейімен (2,77) салыстырғанда айтарлықтай төмендегені байқалады”, – делінген хабарламада.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.