Қызылордада Татуласу орталығы ашылды
710
Қызылорда облысында лағаш рет татуласу орталығы ашылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бүгін қала орталығында «Қазақстан медиаторларының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Татуласу орталығының салтанатты түрде ашылу рәсіміне судьялар, облыстық әкімдік пен медиаторлар және заңгерлер мен қала түрғындары қатысты.
Орталық сот пен әкімдік арасында қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру аясында ашылды.
Орталықтың жұмысы соттан тыс рәсімдерді жан-жақты дамытуға бағытталған. Қызылорда облысы ең тығыз қоныстанған аймақ болып табылады. Мұнда 500 мыңға жуық адам тұрады, көптеген сауда-өнеркәсіп ошақтары мен кәсіпорындар шоғырланған.
Медиация институтын жан-жақты насихаттау, ел ішіндегі кейбір түсініспеушіліктің тігісін жазып, адамдардың арасындағы ауызбірлікті нығайту мақсатында Қызылорда қаласы орталығынан, қала әкімдігі ғимаратының маңын «Татуласу орталығы» ашылды.
Аталған татуласу орталығы облыста тұңғыш рет ашылып отыр. Облыс бойынша кәсіби медиаторлар қаламызда жетерлік. Олар «Медиация туралы» Заңның артықшылықтарын, бұл істің өте маңызды екендігін халыққа түсіндіруде. Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшілігінің орынбасары Асанова Мөлдір Әбдіғаппарқызының айтуынша, бітімгершілік рәсімдері тараптар арасында түсіністік орнату және екі жаққа да тиімді жол табу барша халық үшін қолайлы екендігін айтады.
Тіршілікте кейбір түсініспеушіліктердің болып тұруы заңды. Даудың ушығып кетпеуі үшін татуласу орталығы маңызды рөл атқарады. Медиаторлар да өмірлік тәжірибелері мол, қиыннан қисын таба алатын тәжірибелі адамдар. Олар әр дауды егжей-тегжейлі зерттеп, себептері мен салдарын анықтап, әділ шешімін шығармақ. Осылайша ел ішіндегі ынтымақ өрістеп, татулық нығая түседі.
Жаңа орталықтың ішінде медиация және оның артықшылықтары туралы материалдар жеткілікті. Жаңа жиһаздармен жабдықталған. Іші кірсе шыққысыз бөлмелерінен ізгіліктің ізетті лебі есіп тұрғандай. Алдағы уақытта бір-біріне өкпесі қара қазандай болып, қабағынан қар жауып келген адамдар өзара тіл табысып, шаруалары шешілген соң жадырап қайтатын болады.
Аймақ басшысы аталмыш орталыққа заңды тұрғыда білікті мамандармен қамтамасыз етуді тапсырып, аудан мен ауылдардан келген тұрғындарға тегін кеңес беріп бітімгерлікке келуде ықпал етіп отыр.
Жалпы облыс көлемінде кәсіби және қоғамдық медиаторлардың саны жыл сайын артып келеді. Бүгінде олардың саны мыңға жуықтаған. Ал Қызылорда қаласында орналасқан Достық үйінде 2016 жылдан бастап Медиация кабинеті жұмыс істеуде. Этномедиация бағытында 45 медиатормен әріптестік байланыс орнатылған.
Осындай игі істердің жалғасы ретінде бүгін Сотсыз татуласу орталығы өз қызметін қайта бастады. Аймақ басшысының қолдауымен қайта жандандырылған орталықтың таныстырылымында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы М. Қазбекова медиация саласының қоғамдық өмірдегі маңызына тоқталып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында дауларды шешудің баламалы тәсілдерін дамытуды, медиация саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруді тапсырғанын жеткізді.
«Бітім» медиация орталығы» қоғамдық бірлестігі үйлестіретін татуласу орталығы тұрғындарға даулар мен жанжалдарды бітімгершілік рәсімдері арқылы шешуге мүмкіндік береді. Тараптардың татуласуына, сенімді диалог пен өзара тиімді шешімдер қабылдауына ықпал етеді.
Орталықтың сотқа дейінгі келісім жасау арқылы соттардың жүктемесін азайтуда, медиациялық көмекке жүгінетін тұрғындардың үлесін арттыруда маңызы зор.
Медиация орталығында тұрақты негізде кәсіби медиаторлар, психолог мамандар жұмыс жасайды. Олар облыс тұрғындарына құқықтық, өмірлік қиын жағдайда қалған тұрғындарға психологиялық кеңес береді.
Келіспеушіліктің санатын анықтаудан бастап, медиатор таңдау, татуласу рәсімдерін өткізу мен келісім шарт жасауға дейінгі тиісті қызметтер көрсету арқылы келіспеушіліктердің тез және сапалы шешілуін қамтамасыз етеді.
Мекемелер мен кәсіпорындардағы заңгерлерге оқыту курстары өткізіледі. Бұл соңғы кезде белең алған өндірістік мекемелердегі еңбек дауларын алдын алуға, қызметкердің құқықтық сауаттылығын жетілдіруге жол ашады.
Бұған қоса, қала және аудан орталықтарында кәсіби және қоғамдық медиаторларға көшпелі семинарлар ұйымдастырылып, елді мекендерде азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, құқықтық кеңестер беру жұмысы тұрақты жүргізілетін болады.
Атап өту керек, жоба бойынша ұсынылатын барлық қызметтер тұрғындарға тегін.