Кімдердің несиесі кешіріледі? – министрлік жауабы

427
Қаржы министрлігі «Бюджет кодексіне» өзгеріс енгізіп,  90-шы жылдары мемлекет тарапынан кәсіп ашуға берілген қарызды кешіру мәселесін қарастырып жатыр- деп хабарлайды Orda.kz

 31 арнаның хабарлауынша, 30 жылдан астам несиесін төлемей жүрген кәсіпорын иелері болса, олардың қарызы жойылады.

Заң тек заңды тұлғаларға байланысты. Қазіргі таңда мұндай несие 120 млрд теңгені құрап отыр.

Қаржы министрлігінің айтуынша, 90-шы жылдары кәсіп ашуға несие алған кәсіпкерлерді табу қиын, себебі ол кезде олар тіркелмеген. Сонымен қатар, жыл сайынғы есеп бергенде бұл қарыздар статистикаға кедергі келтіреді. Енді «Бюджеттік кодексте» «Өндіріп алуға үмітсіз берешек» деген ұғым енгізілмек.

«Үкімет жыл сайын есеп берген кезде осындай таптағы адамдардың берешегі тізімде тұрады. Бұндай деректердің бізге не қажеті бар»- деді ҚР Қаржы министрлігі бюджеттік кредиттеу департаменті директорының орынбасары Дархан Биниязов.

Бүгінгі таңда қайтарылмаған бюджеттік несиенің иесін әділет министрлігі мен азаматтарға арналған үкімет бірігіп жүргізіп жатыр.


«Бюджеттік кодекске» енгізілетін өзгерістер қазір қоғам талқылауына шығарылды. Екі айдан кейін құжат мәжіліске ұсынылады.