Шенеунік қала сыртындағы коттеджді пара ретінде алғысы келген

1 597

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Астанада лауазымды шенеуніктің не үшін ұсталғанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ведомствоның ресми өкілі Арман Тілеукеновтың айтуынша, отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы тендерді бір кәсіпкерге бергісі келген. Сол үшін коттедж беруді талап етіпті.

"Ол Астанада кәріз тазарту жұмыстарын атқаратын компанияны анықтау және бір көзден алу тәсілімен шарт жасасу кезінде кәсіпкердің мүддесін қорғағаны үшін қала сыртындағы үй түрінде ірі көлемде пара алды деп айыпталып отыр. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды", - деді Тілеукенов бүгінгі брифингте.


Айта кетері, 13 қарашада Астана қалалық отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марсель Ұзақовтың ұсталғаны туралы ақпарат шыққан.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.