Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға жоспарланған өзгерістер

378
Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының концепциясы шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық актілерге және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарлануда, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

1. Адамдарды қосудың және одан шығарудың нақты тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жүйесіне сыбайлас жемқорлық жасаушылардың жария тізімін енгізу;

2. Мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда мүдделер қақтығысын анықтауды және реттеуді регламенттеу;

3. Пара беру туралы уәде/ұсыныс үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу;

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершіліктің құқықтық тетіктерін жетілдіру;

5. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту;

6. Сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін ескіру мерзімін ұлғайту;

7. ӘҚБтК-нің кейбір баптарын әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жатқызу;

8. Халықаралық коммерциялық мәмілелерді жүзеге асыру кезінде шетелдік лауазымды тұлғаларды параға сатып алуға қарсы күрес жөніндегі конвенцияға қосылу мақсатында ӘҚБтК-ге түзетулер енгізу жоспарланған.

Осы және басқа да бірқатар мәселермен 13 мамырда танысуға болады.

Көрсетілген консультативтік құжаттар жария талқылау үшін «Ашық НҚА» интернет-порталында, сондай-ақ Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

Сілтемелер Telegram каналында қосымша берілетін болады.

Консультативтік құжаттарды талқылау мерзімі он бес жұмыс күнін құрайды және ағымдағы жылдың 2 маусымына дейін жалғасады.

Агенттік азаматтарға консультативтік құжаттарды көпшілік алдында талқылауға белсенді қатысуды сұрайды.