Сырдарияда 567 азамат тұрғын үй кезегіне алынған

1 508

Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын және елді мекенішілік көшелерін салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау, жолаушылар көлігі тасымалын ұйымдастыру, тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізілімін қалыптастыру секілді негізгі қызмет түрлерін атқарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kyzylorda-news.kz  сайтына сілтеме жасап.


Сонымен қатар кондоминиум объектілерін жаңғырту, ауданда электр энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу, жылу беру маусымы барысында әлеуметтік нысандарға бақылау жүргізу, санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру жұмыстарының барысы туралы ақпаратты облыстық басқармаларға жолдау міндетін атқарады.


2023 жылы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне 2 млрд 749 млн 511 мың теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде әкімшілік шығыстар – 66,8 млн теңге. Игерілгені – 2 млрд. 734 млн 862 мың теңге, игерілмегені – 14 млн 648 мың теңге.


Өткен жылы аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы пайызы 99 пайызды, кент және елді мекендердегі көшелердің жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағысы 76 пайызды құрады. Жолдың 30 шақырымы жөнделді.


Аталған мерзімде аудан бойынша жол саласына барлығы 32 жобаға  3,4 млрд  теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде облыстық маңызы бар 2 жобаға республикалық бюджеттен «Қызылорда-Айдарлы-Тартоғай» жолын орташа жөндеуге 1,3 млрд теңге және «Самара-Шымкент-Тереңөзек» автомобиль жолына 687,6 млн. теңге бөлініп, барлығы 42 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.


«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен 12 жобаға 488,7 млн теңге, облыстық бюджеттен – 15 жобаға 853,5 млн теңге, аудандық бюджеттен 3 жобаға 88,3 млн теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.


2023 жылы бірінші кезекте қажетті Іңкәрдария және Шаған елді мекендеріне  2 су мұнарасы және Тереңөзек кентіне 1 су мұнарасына облыстық бюджеттен 19,0 млн. теңге бөлінді. С.Сейфуллин елді мекеніне 1 су мұнарасын сатып алуға, Тереңөзек кентіне 1 дана су мұнарасын сатып алуға жергілікті бюджеттен 11,0 млн. теңге бөлініп, мердігер мекеме «Техоснастка» ЖШС-гі арқылы ауыз сумен қызмет көрсетуші мекемесіне  5 су мұнаралары «Сырдария ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы» өндірістік бөлімшесіне тапсырылып, аталған мекеме арқылы аталған елді мекендерге су мұнаралары орнатылды.


Сонымен қатар, Тереңөзек кенті, Сейфуллин, Шаған, Қоғалыкөл, Іңкәрдария елді мекендерінде барлау пайдалану ұңғымаларын бұрғылау объектісі бойынша жұмыс жобасын ғылыми-техникалық өнімдер кешенін орындауға жергілікті бюджеттен 11,0 млн теңге бөлініп, жобалаушы мекеме «ГИИЗ» ЖШС-гі арқылы жобалар әзірленді. Жобалардың құны – 446,8 млн теңге.


Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде  бүгінгі күнге барлығы 567 азамат тұрғын үй кезектілігіне алынған. Оның ішінде, «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары санаты» бойынша – 240. Көп балалы отбасылар санаты бойынша – 133, «Мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымның қызметкерлері санаты» бойынша – 101, «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша – 46, «Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен апатты жағдайда деп танылған азаматтар» санаты бойынша – 37. 2023 жылы 5 тұрғын үй комиссиясы отырысы өткізілді. Түгендеу қорытындысымен 18 азамат кезектен шығарылды.


Газдандыру бойынша: Жобаның құны – 447,4 млн теңгені құрайтын «Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, С.Сейфуллин елді мекенінің орамішілік газ тарату желілерін және тартылатын газ құбырын салу» жобасына 2023 жылға облыстық бюджеттен 20,0 млн теңге бөлінді. Жобадағы газ құбырларының жалпы ұзындығы  –  25,8 шақырым, 5 дана газ реттегіш шкаф пункттері (ГРПШ) қаралған.        Мердігер мекеме «АЭS and Limited» ЖШС-гі арқылы газ құбырының – 11 шақырымы тартылды. Құрылыстың ұзақтығы – 12 ай. Нысан 2024 жылға өтті.


Сондай-ақ, жобаның құны – 514,8 млн теңгені құрайтын «Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, А.Тоқмағанбетов елді мекеніне жеткізуші және кварталішілік газ тарату желілері құрылысы» жобасына 2023 жылға облыстық бюджеттен  20,0 млн теңге бөлінді. Жобадағы газ құбырларының жалпы ұзындығы – 22,8 шақырым, 4 дана газ реттегіш шкаф пункттері (ГРПШ) қаралған. Мердігер мекеме «АЭS and Limited» ЖШС арқылы газ құбырының – 6 шақырым тартылды. Құрылыстың ұзақтығы – 5 ай. Нысан  2024 жылға өтті.


Әлеуметтік нысандарды газдандыру бойынша:


Жобаның құны – 66,7 млн.теңгені құрайтын «Сырдария ауданының орталық аурханасы оңалту бөлімшесінің қазандығы ғимаратын реконструкциялау» жобасын «Компания Газстрой» ЖШС-гі арқылы  құрылыс монтаж жұмыстары атқарылып, аталған нысан газға қосылды. Жобаның құны – 29,7 млн.теңгені құрайтын «Ботагөз» балабақшасы ғимаратының бу қазандықтарын газ отынымен қайта жабдықтау» мердігер мекеме «Компания Газстрой» ЖШС құрылыс монтаж жұмыстарын атқарып, аталған нысан газға қосылды.


Сырдария ауданы бойынша ауылішілік электр тарату желілерінің ұзындығы ВЛ-10 кВ – 267,53 шақырым, ВЛ-04 кВ – 291,1 шақырымды құрайды (КТП – 83 дана, КТПН-79 дана,  ТП - 12 дана).    Жобаның құны - 1,1 млрд. теңгені құрайтын Шаған ауылдық округінің тұрғын аймақтарын электрмен қамту жобасына 2023 жылға республикалық бюджеттен 150,0 млн теңге, облыстық бюджеттен 77,3 млн теңге қаржы бөлініп, мердігер мекеме «Энергомера» ЖШС-гі арқылы 613 дана бағана орнатылып,   ВЛ 0,4 кВ – 19,7 км жерге әуе желісі жүргізілді. Құрылыстың ұзақтығы – 8 ай. Нысан 2024 жылға өтті. Аудан бойынша өткен жылы 20 мың түп көшет отырғызылып, 95,0 шақырым аяқ су жүйесін тазалау жұмыстары жүргізілді. Жергілікті бюджет есебінен 402 730,0 мың теңге, оның ішінде, санитарлық тазалау жұмыстарына 148 915 мың теңге, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына 253 815,0 мың теңге бөлінді.


Әлеуметтік нысандарға қажетті 2589 тонна қатты отын және 1790,7 сұйық отынға тасымалдаушылармен шарттар жасалынды. Әлеуметтік нысандарға қатты отын тасымалдау тамыз-қыркүйек айларында жүргізілді. Сондай ақ сұйық отын қойманың сыйымдылығына байланысты жеткізілген.  Аудан көлеміндегі көмір тасымалдаумен айналысатын «Углесбыт» және «Нұрдаулет» кәсіпкерлермен жылу маусымында тұрғындарға қажетті 15 000 тонна көмірге меморандум жасалынды.  Сонымен қатар ауданға қарасты облыс орталығына жақын орналасқан (Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Бесарық, Қоғалыкөл) тұрғындарына «Казком» жеке кәсіпкермен 7 500 тонна көмір тасымалдауға меморандум жасалынды.


2024 жылы Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне бөлінген қаржы – 3 млрд 27 млн 406 мың теңге екенін айту керек.