Смартфондар жаңа пандемия әкеледі- Ғалымдар

515


Ғалымдар жүргізген зерттеу ұялы телефондар қауіпті патогендер – бактериялар мен вирустарға толы екенін көрсетті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

Австралияның Квинсленд қаласындағы Бонд университетінің ғалымдарының зерттеуінше ауру жұқтырмас үшін телефонды да дезинфекциялау қажет. 

Биология кафедрасының доценті Лотти Таджури зерттеу аясында 165 медицина қызметкерінің ұялы телефонын тексеріп, зерттеу жұмысын жасаған. Ол дәрігерлер операция алдында қолымен телефон ұстайтынын көргеннен кейін осындай зерттеу жүргізуге шешім қабылдаған..

"Біз тексерген ұялы телефондар бактерияларға, вирустарға, тіпті паразиттерге толы болды", – деді доктор Таджури.

Сондай-ақ ғалым 57 проценті ешқашан гаджеттерін жумағанын анықтады.

Ғалым пікірінше, ұялы телефонға "үшінші қол" ретінде қарап, оны міндетті түрде дезинфекциялап немесе жуып отыру керек.
 

Таджури денсаулық сақтау шенеуніктерін жаңа індет басталмай тұрып, университет зерттеуіне назар аударуды сұрады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.