Түнгі клубтың жанында мас әскери қызметкер полицейдің ішінен ұрып жіберген

1 366

Фото: istockphoto.comЕлордадағы түнгі клубтың жанында әскери лейтенант полиция қызметкерін ұрған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі azattyq-ruhy сайтына сілтеме жасап.

1987 жылы туған ҚР МКК «Айбын» полкінің 0112 әскери бөлімінде жұмыс істейтін лейтенант полиция қызметкерін ұрды. Оқиға Астанадағы «Амазон» түнгі клубының жанында болған. Қолына алкогольді сусын ұстаған ер адам полицияның ескертуіне ашуланып, балағаттап, құқық қорғау органының қызметкерін жұдырықпен қойып қалған.

Содан кейін ол наркологиялық диспансерге жеткізілді. Оның масаң күйде болғаны анықталды.

Қазір лейтенант уақытша тергеу изоляторына қамалды. Оның үстінен ҚК 378 және 380-баптары бойынша іс қозғалды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.