Бір тәулікте екі облыс "сары" аймаққа, тағы екеуі "жасыл" аймаққа өтті

397

Фото: Денсаулық сақтау министріДенсаулық сақтау министрлігі елдегі коронавирустың эпидемиологиялық жағдайын бағалауға арналған матрицаны жариялады. Бір күнде КВИ бойынша 2 өңір "сары" аймаққа, тағы 2 облыс "жасыл" аймаққа өтті.
2021 жылғы 24 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Алматы мен Маңғыстау облыстары "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа ауысса, Қызылорда облысы мен Солтүстік Қазақстан облысы "жасыл" аймақтан "сары" аймаққа көшті.

 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.


 "Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.


 "Жасыл" аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау және Түркістан облыстары. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.