Жалған вакцинация паспортын жасағандарға қандай жаза қолданылады

284
Елімізде осы жылдың басынан бері коронавирус инфекциясына қарсы жалған вакцинация паспортын жасаудың 207 фактісі тіркелді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігінен мәлім етті.

«Жалған вакцина паспорттары мен ПТР-анықтамасын дайындау және сатумен айналысатын адамдарды анықтау мақсатында Ішкі істер министрлігінің жауапты құрылымдық бөліністері тиісті жұмыстарды үнемі жүргізіп келеді. Жалған құжаттарды сату бойынша берілген хабарландыруларды анықтау үшін интернет желісіне, әлеуметтік желілерге және мессенджерлерге мониторинг жүргізіледі», - деп атап өтеді министрліктен.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері ішкі істер органдарында барлығы 321 іс тіркелді.

Оның ішінде ПТР-тесті қолдан жасау бойынша – 114 факт, вакцина паспорттарын қолдан жасау бойынша 207 факт бар.

«Бұл құқық бұзушылық үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша жалған құжат жасағандарға 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған», -делінген таратылған ақпаратта.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.