Ел тұрғындары бұғатқа түсіп қалған шоттарын енді өздері аша алады

325
Шоттары бұғатқа түсіп қалған ел тұрғындары енді үйден шықпай-ақ есепшоттарын аша алады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Мемлекеттік кірістер комитеті "Salyqbot" Telegram-каналында салық төлеушілерге "Шотты бұғаттан шығару" және "Жеке тұлғалардың салықтары бойынша көмек" бөлімімен екі қызметті іске қосты.

Бұл қызметтер бір рет басу арқылы банктік шоттар бойынша бұғаттау себептерін анықтау үшін өтінім жіберуге немесе мүлік, жер, көлік құралдары салығы бойынша көмек алуға мүмкіндік береді, - делінген ведомство мәліметінде.


Көрсетілген қызметтер бойынша "Salyqbot" пайдаланушыларына сұрау жіберу үшін өңірді (облысты/қаланы) көрсету жеткілікті. Содан кейін 24 сағат ішінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері егжей-тегжейлі ақпарат беру үшін салық төлеушімен байланысады.

Бұл қызметтерге кіру үшін @SalyqBot Telegram-каналы арқылы "Шотты бұғаттан шығару" немесе "Жеке тұлғалардың салықтары бойынша көмек" сілтемелеріне өту қажет. Немесе автоматты түрде қосымшада QR-кодты пайдалану жеткілікті. Ол үшін телефон камерасын немесе кез-келген браузердің камерасын (Google, Yandex және т.б.) QR-кодқа бағыттаңыз.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.