«Невада – Семей» ҚБ-нің төрағасы Әбіш Сәбит Ыдырысұлы 70 жасқа толды

140

Облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов  «Невада – Семей» ҚБ-нің төрағасы Әбіш Сәбит Ыдырысұлын 70 жас мерейтойымен құттықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Азаматтық қоғамның үдемелі дамуында белсенділік танытып жүрген ел жанашыры, «Невада – Семей» ҚБ-нің төрағасы Әбіш Сәбит Ыдырысұлы 70 жаста. Бүгін мерейтой иесіне құрмет көрсетіліп, облыс әкімінің құттықтауы табысталды. 


Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы мерейтой иесін қабылдап, еліміздің дамуы жолында сіңірген еңбегі үшін алғыс айтты.


Әбіш Сәбит Ыдырысұлы 1953 жылы 25 мамыр күні Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Тартоғай кеңшарында дүниеге келді. 


1971 жылы Отан алдындағы әскери борышын өтеуге Семей ядролық полигонында болды. 

2016 жылы теміржол саласынан зейнеткерлік демалысына шықты. 


Ағамыз теміржол саласындағы қызметімен қатар, 2010 жылдан бастап Қызылорда облысының «Невада – Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып қоғамдық жұмыстарға белсене араласа бастады. Бірлестік төрағасы ретінде аймақтың қоғамдық-саяси тұрақтылығын сақтау, жастарға патриоттық тәрбие беру жұмыстарына өз үлесін қосып келеді.


Басқосуда облыс әкімінің орынбасары қайраткерге ел дамуына сіңірген еңбегі үшін облыс әкімінің құттықтауын табыстап, Сыр жұртшылығы атынан игі дәстүрмен иығына шапан жапты.


Қабылдау аясында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Дүйсенбаев Серік Әбішұлы, әріптес інісі Баймаханов Қайраддин Әлібайұлы мерейтой иесін құттықтап, жүрекжарды лебіздерін арнады. 


Өз кезегінде Сәбит Ыдырысұлы көрсетілген құрмет пен ілтипат үшін облыс басшылығына ықыласын білдіріп, алғысын жеткізді.