TikTok желісінде жаңа функция

1 502

Фото; PinterestTikTok қаржы қызметтері нарығына шығу бағытында жаңа функция әзірлеп жатыр. Ол қолданушыларға жеке хабарлама арқылы бір-біріне ақша аударуға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі . 

Жаңа қаржы функциясының әзірленіп жатқаны қосымшаның жасырын кодынан анықталған. Бұл жаңалық қолданушыларға жеке хат алмасу кезінде бір-біріне тікелей ақша аударуға мүмкіндік береді. Кодтан TikTok Pay жүйесіне қатысты мәліметтер, аударымды бір рет басу арқылы растау және транзакцияға мәтіндік ескертпе қосу функциялары табылған. Қазір TikTok Pay төлем жүйесі Оңтүстік-Шығыс Азияның Вьетнам, Малайзия және Таиланд сияқты елдерінде ғана қолжетімді. Ол негізінен TikTok Shop интернет-дүкеніндегі сатып алуларды төлеу үшін пайдаланылады.

Бұл функция TikTok-тың қаржы қызметтері нарығына шығуына мүмкіндік береді. Компания осылайша өз платформасында түрлі қызметтерді біріктіретін экожүйе құруды көздеп отыр. Әлеуметтік желі өкілдері бұл функцияның қашан іске қосылатыны туралы әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Бұған дейін WeChat пен Meta компаниясына тиесілі WhatsApp платформалары да мессенджерлер мен әлеуметтік желілер ішінде ақша аудару қызметтерін іске қосқан. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.