Паранжа киген спортшылар
176

Қазір Ауғанстанда қыздар мен әйелдер паранжамен бүркеніп жүруі керек. Бұл елде қазір әйелдер спортпен айналысқаны үшін "Талибан" (Қазақстанда террористік ұйым деп танылған) мен өздерінің отбасы тарапынан қысымға ұшырайды.

Ауған әйелінің бірі "тәліптер билікке келгелі өзімді тірі өлік сезінемін" дейді.


Аралас жекпе-жекпен айналысатын 20 жастағы Марина есімді қыз 2021 жылы тамызда Кабулда жарысқа қатысып жатқанда қалаға тәліптер келді дегенді естіген. Осы хабардан соң жарысқа келген барлық қыз қашып кеткен. Бұл Саринаның соңғы жарысы еді.

"Талибан" бұрын спортпен айналысқан қыздарға да қысым көрсеткен.

"Талибан" қазір қыздардың мектепте және университетте оқуына тыйым салған.

"Талибан" билікке келгенде қыздар мен әйелдердің құқығын құрметтейтінін айтқан, бірақ бұл уәделерінде тұрмады.

"Талибан" әйелдерге парктер мен спорт залға баруға тыйым салған. Әйелдер сыртқа паранжамен шығуы тиіс. Бұған қоса, тәліптер қыздар мен әйелдерге мемлекеттік емес мекемелерде жұмыс істеуге шектеу қойды.

Тәліптер билікке келмей тұрып Ауғанстанда жұрт қыздардың спортпен айналысуына үрке қарайтын.

Тәліптердің спорт ұйымы және ұлттық олимпиада комитетінің өкілі "әйелдердің спортпен айналысуы үшін жеке жаттығу залдарын салу жолын қарастырып жатырмыз" дейді. Бірақ ол мұндай залдар қашан ашылатынын нақты айтпады.



Ауғанстандық спортшы қыздың бірі "Бұрын өміріміз қиын болса да, қандай да бір үміт болатын еді, қазір сол үмітім де қалмады" дейді.